AlmaU алматылықтардың Қасіретті қаңтарға қатысты сезімін анықтады

Жаңалықтар

Қазан 03, 2022

AlmaU алматылықтардың Қасіретті қаңтарға қатысты сезімін анықтады

Халық үшін саяси және қоғамдық маңызы бар ақпараттардың әсерін сарапқа салған қазақстандық зерттеушілер нейробиологиялық зерттеу негізінде азаматтардың пікір-ойы мен сезімдеріне талдау жасады. Ғалымның айтуынша зерттеу жүргізуге қаңтар оқиғасы  себепкер болған.

Аталған зерттеу жөнінде PhD ғалым, AlmaU «Нейромаркетинг және нейроменеджент» лабораториясының жетекшісі Айман Қазыбаева әңгімелеп берді. Оның айтуынша бұл зерттеуге белгілі журналист Арманжан Байтасовтың Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевпен сұхбаты және отандық телеарналардың бірінде жарық көрген Алматының жаңа әкімі ретінде Ерболат Досаевтың тағайындалуы туралы ақпарат арқау болған. Зерттеуді жүргізуге э.ғ.к, Professor Emeritа Мадина Смыкова және студенттер Мәдина Дущанова, Дастан Келдібеков қатысқан.

 

«Бұл зерттеуде біз, ең алдымен, Алматы жұртының Қасіретті қаңтарға қатысты сезімін анықтауға мән бердік, - дейді Айман Қазыбаева. – Биылғы қаңтар қазақстандықтардың қай-қайсысын болмасын бей-жай қалдырған жоқ. Тәжірибе жүргізе отырып біз бұл оқиға алматылықтарға қалай әсер еткенін анықтауды мақсат еттік. Оның ішінде, мысалға, респонденттер гендерлік және жас ерекшелігіне қарай бұл оқиғаны қалай қабылдап, оған қандай баға бергенін бағамдасақ дедік. Зерттеу facereading технологиясы негізінде жүргізілді. Бұл – зерттеуге қатысушының эмоциясын анықтап, сол эмоциялық жағдайда ол қаншалықты белсенді болғанын анықтауға мүмкіндік беретін технология».

Өздері жүргізген зерттеу қорытындысын сарапқа салған Айман Қазыбаева респонденттердің ұсынылған бейнероликтерді қабылдауында өзіндік айырмашылық бар деп отыр. Оның айтуынша Алматының экс-әкімімен сұхбатты тамашалауда зерттеуге қатысқандардың біразы әкімшілік мамандары мен ұсынылған деректерге қатысты эмоциялық тұрғыда аса сене қоймайтынын анық көрсеткен. Зерттеу нәтижесінде мамандар нейробиологиялық зерттеуге қатысқан респонденттердің эмоциялары гендерлік және жас ерекшелігіне қарай да біршама өзгеріп отырғанын атап өтті.

Бөліс: