AlmaU –да PR студенттері кәсіби клуб ашты
Неге ресми дейсіз бе? Себебі бұл жұмыстың ұйымдастырылуы былтырғы жылдың қазан айынан басталған еді. Осы уақыт аралығында студенттер бірнеше іс шара өткізіп, өздерінің жеке сайттарын ашып, PR-материалдар жинап, журналистика саласындағы өз күштерін байқап көрді.
Жас ұйымның негізгі мақсаты, қоғаммен байланыс саласында танымал болу және студенттердің сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар Almaty Management University студенттері, оқытушылары мен әкімшіліке арналған ортақ ақпарат алаңын құрастыру болып табылады.
PR-Community –дің нақты міндеттері: кәсіби мамандардың шебер-сыныптарын өткізу, студенттік ортада ақпаратты -ойын сауықтық almayou.kz порталын арнайы айдар (hot today, events, fashion, talents, advices) арқылы жасау, AlmaU-дың ресми YouTube –арнасына контент құрастыру және университеттің PR-орталығымен жұмыс істеу.
Бүгінгі таңда «AlmaU PR-Community» 13 студент жұмыс істеуде.
Студенттер салтанатты ашылуда клуб жайлы презентациядан басқа, “Welcome Club” тамаша фуршетін ұйымдастырды, «Арленнон және Амиль» дуэті өнер көрсетті, ресми ашылудың демеушілері ұсынған сертификаттар мен жүлделер ойнатылды.
Осы саланың мамандары арнайы іс-шараға қонақ ретінде шақырылды, олар: Асель Караулова, Шынар Жанибекова, Арман Карабаев, Сергей Пономарев және тағы басқалар.
Университет ректоры Курганбаева Гульмира Аманжолқызы өз сөзінде, клуб мүшелерінің алдында маңызды міндеттер тұрғандығын айтты, оны мамандармен бірлесе отырып орындаған жағдайда, студенттер жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыда сөзсіз өсетіндіктерін атап өтті: «PR саласының болашақ жұлдыздары сіздердің араларыңыздан шығады»-деді Гульмира Аманжолқызы және студенттік клуб ұйымдастырушыларына сәттілік тіледі.
Іс-шараның ресми демеушісі: Game Over және StepUp.kz жастар киім дүкені, TM Barbershop және Zhan HairStylist салоны, сонымен қатар кәсіби фотограф ALIMOV.