AlmaU-да Ноттингем университетінің Профессоры қонақта болды

Жаңалықтар

Маусым 29, 2016

AlmaU-да Ноттингем университетінің Профессоры қонақта болды

2016  жылдың  29 маусымында Aлматы Менеджмент Университетінде  Ноттингем Бизнес Мектебінің (Ұлыбритания) профессоры Хафез Абдо болды.

AlmaU атынан кездесуге қаржы және менеджмент Жоғары Мектебінің деканы  Қайыржан Әбдіхалықов, ҮЕҰ Сараптама орталығының директоры Бахытнұр Отарбаева, ғылым  Басқармасы директоры Светлана Шакирова, академиялық ұтқырлық кеңсесінің бас маманы Малгожата Вох  және  білім берудегі  ақпараттық технологиялар зертханасы директоры  Сапарходжаев Нұрбек қатысты.

Кездесу барысында екі жақ әлеуетті ынтымақтастық,  студенттер мен профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу,  AlmaU докторанттары үшін ғылыми жетекшілер іздестіру мәселелері талқыланды.

Профессор Хафез Абдо Ноттингемдегі бизнес мектебінің этика бойынша Комиссиясында жұмыс істеген кездегі тәжірибесімен бөлісті, мектеп бағдарламасы мен академиялық ұтқырлық  тәжірибесі жайында  егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Профессордың ғылыми қызығушылық саласы  өте кең, атап айтқанда:  мұнай және газ өнеркәсібіндегі салық салу; мұнай және газ саласындағы  халықаралық шарттар үшін жүргізілетін бухгалтерлік есеп; мұнай және газ саласындағы  энергетикалық  жалға алу; мұнай және газ саласындағы  корпоративті әлеуметтік жауапкершілік және экологиялық есеп, энергияның жаңартылған көздері.   

Бөліс: