AlmaU кітапханасы Connect-Ed қоғамдық қорымен бірлесіп «Біз цифрлық теңдік үшін!» акциясын өткізді

Жаңалықтар

Қазан 16, 2023

AlmaU кітапханасы Connect-Ed қоғамдық қорымен бірлесіп «Біз цифрлық теңдік үшін!» акциясын өткізді

 

Құрметті оқырман!

Бүгінгі күні сауатты болу үшін қарапайым оқу, есептеу және жазу дағдыларының болуы жеткіліксіз. Бұл білімді цифрлық кеңістікте қолдана білу керек. Ол үшін компьютерлік технологияны жетік білу керек. Өкінішке қарай, Қазақстандағы әрбір мектеп оқушысының жеке компьютері немесе ноутбугі бола бермейді. Цифрлық теңгерімсіздікті жою үшін AlmaU кітапханасы Connect-Ed қоғамдық қорымен бірлесіп «Біз цифрлық теңдік үшін!» акциясы аясында балаларына компьютер және ноутбук сатып алуға мүмкіндігі жоқ отбасыларға құрал-жабдықтар жинады. Барлық құрал-жабдықтың жұмыс қабілеттілігі тексеріліп, қажетіне қарай жөнделеді, қажетті бағдарламалар орнатылады немесе жаңартылады, содан кейін Қазақстан бойынша балаларға жіберіледі.

Университет, AlmaU қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамы сыйға тартқан 4 дербес компьютер жиынтығы, 1 ноутбук, 3 планшет, 3 электронды кітап оқу құрылғысы Connect-Ed компаниясының өкіліне сыйға берілгенін қуана хабарлаймыз.

 

Біз AlmaU басшылығына, қызметкерлері және педагогикалық ұжымына акцияға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.

Сіздің ескі компьютеріңіз біреудің өмірін өзгерте алады!

Құрметпен, Сіздің кітапханаңыз.

 

Бөліс: