AlmaU Үндістанның жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуда
10-14 желтоқсан аралығында Almaty Management University президенті Асылбек Қожахметов пен Менеджмент жоғары мектебінің деканы Әсел Арын Үндістандағы Бангалор және Мумбай қалаларына барды.
Делегация Institute of Management Bangalore, Bengaluru Central University, CMR University, Regional College of Management Bangalore, S.P. Jain Institute of Management & Research және тағы басқа университеттерге барды. Университет қызметкерлері және студенттерімен кездесуімен қатар, сапар барысында Үндістанның тамаша мәдениетімен, тағамымен, ақпарат құралдарымен танысу өткізілді!
Bengaluru Central University - Бангалордағы ең көне және үлкен университеттердің бірі. Университет - қонақтарды қарсы алу үшін симпозиум өткізді және келісімшарт жасасу туралы Меморандумға қол қою дәстүрлі рәсімін ұйымдастырды.
CMR University -Бангалордағы заманауи және тез дамып келе жатқан университет. Қонақтарға кампус, жаңа ғимараттар мен заманауи зертханаларды көрсетіп, әсерлі тур ұйымдастырылды (Design Thinking Laboratory, IT, Data mining, Big Data).
Ал Аймақтық менеджмент колледжі (Regional College of Management Bangalore (Asia’s Best Business School Leadership Award)) тіптен қазақстандықтар үшін баспасөз-конференциясын өткізді. Студенттердің дәстүрлі түрде қонақтарды қарсы алу рәсімінде делегация жастарға арнап сөз сөйледі.
Сондай-ақ, сапар барысында Асылбек Қожахметов пен Әсел Арын Institute of Management Bangalore (Eduniversal ranking нұсқасы бойынша АМВА, EQUIS және AACSB үш дәрежелі аккредитациясы бар, Үндістандағы №1 Бизнес-мектеп) бағдарламалық директорларымен кездесіп, алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады.
Доктор Әсел Арын Institute of Management & Research деканы және профессор S. P. Jain-мен кездесті. Бұл оқу орны- Үндістанның қаржы орталығында орналасқан негізгі -алдыңғы қатарлы менеджмент мектебі болып саналады. Кездесу барысында келісім туралы тағы бір Меморандумға қол қойылды.
Сапардың негізгі мақсаты 8-ші Азиялық PRME форумы болды. Форумда Асылбек Қожахметов "XXI ғасыр - ықпалды университеттердің ғасыры" жөнінде "Болашақ үшін басқару білімі" тақырыбында спикер ретінде сөз сөйледі. CEEMAN-ның Орталық Азиядағы менеджментті дамыту жөніндегі вице-президенті ретінде, Д-р Қожахметов CEEMAN Манифестін "Менеджментті дамыту бағытын өзгерту: жетілдіру және өзектілік үйлесімін" ұсынды.
AlmaU доктор Шив Трипати мен доктор Субхаси Рэюге үлкен қолдау көрсеткені және қонақжайлылығы үшін, делегацияның Үндістанға сапары кезінде және одан кейін де көрсеткен ықыласы үшін шын жүректен алғысын білдіреді!