AlmaU және Universal University меморандумға қол қойды
Бүгін яғни 2022 жылдың 1 қарашасында AlmaU ректоры Күренкеева Гүлнар және Universal University-дың ректоры Екатерина Черкес-Заде Almaty Creative Week алаңында меморандумға қол қойды.
Universal University – Ресейдегі алғашқы креативті индустрия университеті. Университетте бакалавр деңгейі бойынша өнер, дизайн, бизнес, маркетинг, музыка, кино, анимация және ойын құрастыру бағдарламаларында білім беріледі.
Екі жоғарғы оқу орыны академиялық алмасулар, бірлескен және қос дипломдық бағдарламалар, магистрлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік жасау, тәжірибе алмасу, студенттер мен оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламалары, бірлескен ұлттық және халықаралық жобаларды іске асыру, әлеуметтік инкубатор, ғылыми-технологиялық базалық жобаларды жеделдету бойынша әріптестік байланыс орнатпақшы.
Almaty Creative Week – қазақстандық ұйымдар мен жеке инновациялық өнертапқыштардың жетістік көрмесі. Шетелдік, қазақстандық сарапшылар және мемлекеттік сектор өкілдері қатысқан іс-шараның бүгін алғашқы күні. Шара Алматы қаласында 1-5 қараша аралағында өткізіледі.