AlmaU-да кәсіби маман Андрей Левченконың бизнес-тәжірибесі өтті
2018 жылдың 10 желтоқсанында AlmaU-да кәсіпкер, спикер және шешен, бизнес-тренер, психотерапевт, филолог және оқытушы Андрей Левченконың «Бір рет сатып -5 есе ақша тап: «15+17» сату жүйесі» атты бизнес-тәжірибесі өтті.
Андрей Левченконың-35 жылдық спикерлік тәжірибесі бар. Ол белсенді түрде презентация, корпоративтік тренингтер өткізіп, іскери басылымдарға сұхбат беріп жүрген кәсіпкер. Ділмәр-шешен, өз ісінің кәсіби маманы, жеке әдісі бойынша саясаткерлер мен кәсіпкерлерді дайындайды. Сонымен қатар Андрейдің эмоционалдық менеджмент, тиімді коммуникация, қызмет көрсету және сату жүйесін басқару бойынша арнайы мамандығы бар.
«Мен ешнәрсе сатпаймын! Мен сатып алуға көме!ктесемін».
Кәсіпкер және бизнес-тренер Андрей Левченко авторлық курсында тиімді сату жүйесі және маркетинг туралы ойымен бөлісті: «Сату мен оны басқарудағы басты мәселе-белгілі бір жүйенің болмауы. Қазіргі уақытта барлық нәрсені жүйе деп атайды, бірақ ол шындығында жүйе емес».
Андрейдің пікірінше, маркетинг және сату өзара тығыз байланысты және бұл салаға бір адам жауап беруі тиіс. Маркетинг сатып алушылардың назарын аударып, ілгері жылжуға жауап береді. Сату кезінде тұтынушылар бір рет қана сатып алмауын ескеру керек.
Сатушының қызметі өте маңызды, өйткені ол- тұтынушы үшін компанияның бейнесі, клиентпен тікелей жұмыс істейтін -адам. Сондықтан компанияда кез келген деңгейдегі сатушыларды дайындау жүйесін дұрыс енгізу өте маңызды: оларды оқытудан бастап тікелей қызмет көрсету және сату жүйесін үйрету керек. Андрейдің айтуы бойынша қазіргі таңда барлығы сатумен айналысады, бірақ барлығынан сатып алмайды. Ең негізгі месседж: "Кез келген нәрсені сатуға болады, бірақ кім сататындығы маңызды!".
Андрей Левченконың бизнес-тәжірибесі-сату гуруы өте пайдалы болды. Семинарда мынадай мәселелер қарастырылды: "Сәтті сату", "Жүйе құру ...", "Менеджердің алтын стандарты" жайлы, сатып алушы таңдауының дұрыстығын растауға мүмкіндік беретін практикалық құралдар туралы, "бақылау орындары", жүйенің релеванттылығын талдау үшін байланыс жасауға мәлімет жинау және т.б. Сондай-ақ Андрей тиімді коммуникацияның негізгі ережелерін, қателер матрицасын және RASCI –ді қолдану ерекшеліктерін ұсынды.
Андрейдің семинарында ұсынылған бірнеше инсайт:
- Сатып алушыларды "Шақыру" кезеңінде тұтынушыларды үміттендіру керек емес, WOW әсерін қалдыру үшін оны сатып алу кезеңінде қолданған дұрыс.
- "Тұтынушы" ұғымына мынадай рөлдер кіреді: таңдаушы, сарапшы/кеңесші, демеуші, пайдаланушы және сатып алушы, белгілі бір коммуникациялық месседждер жасай отырып, олар нені қалайтындығын нақты түсіну керек.
- Өз тұтынушыларының неғұрлым дәл "сипаттамасын" құрастыру үшін стандартты сауалнамалардан немесе фокус-топтардан гөрі, кездейсоқ достық жылы әңгімелесулер жүргізген дұрыс, себебі стандартты әдістер кезінде респонденттер көбінесе шындықты айтпайды.
- Кез келген компания бәрінен емес, өз бәсекелестерінен жақсы болуы жеткілікті!
- Маркетинг міндетіндегі ең дұрыс әдіс – бұл сату және өткізу. Басты ереже: "Егер құндылық айқын болса, баға маңызды емес!".
- Ең жақсы жарнама-бұл компанияның күтетін жетістігі туралы хабарлама. Жарнаманың тамаша мысалы – "Дәретхана" деп жазып қою.
- Сатушының мінсіз бейнесі-мың сөзден де жақсы. Барлық материалдар белгілі бір аудиторияға дайындалуы тиіс.
Семинар соңында сату жүйесі үшін қарапайым да маңызды бақыт формуласы айтылды: БАҚЫТ = КҮТУ-ШЫНДЫҚ, тұтынушы бақытты болса, компания бақытты болады.
Шебер –сабақ жоғары деңгейде өтті. Аудиторияға келген тыңдаушылар спикерге сұрақ қойып, оны ұзақ уақыт жібермеді.
AlmaU-да 2019 жылдың 21-22 ақпанында Андрей Левченконың шеберлік-тәжірибесі (1 күн) және сату мен маркетинг бөлімдерінің басшыларына (2 күнге) арналған сату туралы кәсіби бағдарламасы өткізіледі.
Семинарға қатысу ақысын төлеу үшін Executive education center орталығына хабарласу қажет:
Тел.: 313-28-64
313-30-66
313-28-45