AlmaU «Billionaires Ball-ы» дүркіреп өтті

Жаңалықтар

Қазан 31, 2023

AlmaU «Billionaires Ball-ы» дүркіреп өтті

Kazakhstan қонақ үйінің Grand Ballroom-ында AlmaU университетінің «Billionaires Ball»-ы өтті . Университеттің бірінші курс студенттерін қарсы алу үшін дайындалған кеш сән-салтанат пен қуанышқа толы болды.

Іс-шараның ресми ашылуынан кейін  әр мектептің түлегі ізін басып келе жатқан мектеп студенттерін мақтанышпен ертіп шықты. Шақырылған түлектердің арасында әр түрлі салалардың танымал тұлғалары мен табысты өкілдері болды. Атап айта кетсек, «JKS Entertainment» медиа-компаниясының коммерциялық директоры Зиманов Д., «Арман» жылжымайтын мүлік агенттігінің және «Rafael» медициналық орталығының негізін қалаушсы Ен В., Speye жобасының жетекшісі Ибрашева А., «Кубик» жылжымайтын мүлік агенттігінің иесі Дараев Н., AlmaU эндаумент жобалық кеңсесінің директоры Крылова Д., «Upgrade Business» негізін қалаушсы Юсупов А., блогер және модель Рамазанова А., «Creativity» студиясының негізін қалаушсы Оксыкбаева А., продюсер Бексұлтан А.

Кештің басты ерекшелігі - «Дебютанттар биі». Бірінші курс студенттері нөмірге қатысу үшін іріктеуден өтіп, үш апта бойы тынбай дайындалды. Студенттердің дайындаған биі ерекше әсер қалдырды. Бұл сәт іс-шараның бірінші бөлігін аяқтады.

Балдың екінші бөлігінде оркестрдің таңғажайып музыкасы құлақтың құрышын қандырды. Студенттерге өзара танысуға, таланттарын көрсетуге және ойларын бөлісуге уақыт берілді. Grand Ballroom-ның сахнасында Akha, The Adressov және abdr. өнер көрсетті.

Сонымен қатар студенттердің талғамдары, киген киімдері кешке ерекше сипат сыйлады.

Біз AlmaU студенттерінің бастамаларына сәттілік тілейміз! Бұл кеш естен кетпейтіндей болды деген үміттеміз. 

Бөліс: