AlmaU - Erasmus+ жобасы бойынша грант иегері болды

Жаңалықтар

Желтоқсан 11, 2019

AlmaU - Erasmus+ жобасы бойынша грант иегері болды

Тамаша жаңалық!

AlmaU  «Accelerating ICT students’ startup development competence via interdisciplinary modular courses in the HEI curricula» Erasmus+ жобасы бойынша шетелдік және отандық 9 серіктес оқу орнымен бірге грант иегері атанды. AlmaU үшін бұл Еуропалық Одақтағы Эрасмус+ аясындағы алғашқы институционалдық жоба болып табылады.

Жобаның басты мақсаты жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына модульдерді енгізу арқылы АКТ мамандықтары студенттерінің стартап жобаларды жасай білу құзыреттіліктерін  қалыптастыру болып саналады.

Аталған жобаның қатысушылары:

  • Hochschule Wismar (Germany) – Жобаның өтініш берушісі
  • Tallinn University of Technology (Estonia)
  • EKA University (Latvia)
  • Kazan National Research Technical University (Russia)
  • Rostov State University of Economics (Russia)
  • Peter The Great St.Petersburg Polytechnic University (Russia)
  • Kostanay State University (Костанай, Kazakhstan)
  • Almaty Management University (Алматы. Kazakhstan)
  • Yessenov University (Актау, Kazakhstan)
  • Production-Commercial Company BETAR (Russia)

Жоба 36 ай көлемінде жүргізілетін болады. Сонымен қатар жоба қатысушылары арасында тәжірибе алмасу және АКТ-кәсіпкерлігіне байланысты бағдарламалар  дайындау бойынша көптеген іс-шаралар мен семинарлар өткізу жоспарланған.

Жобаның кезеңдері:

1  Дайындық іс-шаралары

2  Жобаны дамыту

3  Жоба сапасына байланысты жоспарлар

4  Жобаны іске енгізу және жүзеге асыру

5   Басқару

Аталған жобаға AlmaU-да  негізінен инженерлік менеджмент мектебі қатысатын болады, олар – жобаны орындаушылар. Кәсіпкерлік және инновация мектебі, Center for curriculum development, Зерттеу және дамыту департаменті және бақылаушы -супервайзер ретінде университеттің Халықаралық кеңсесі бірлесе жұмыс істейтін  болады.

Жоба бойынша шетелдік серіктестер Алматы қаласына (AlmaU) жұмыс сапарларымен келетін болады және Алматы қаласындағы Алматы Менеджмент Университетінде  жобаның қорытынды конференциясын өткізу жоспарланған. Аталған жоба аясында тәжірибе алмасу үшін профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлер мен студенттердің Германияға, Латвияға, Эстонияға және Ресейге сапарлары қарастырылған.

Атап айтарлық жағдай Инженерлік менеджмент мектебінің деканы Қуаныш Әбешев пен зерттеу гранттары бойынша үйлестіруші Әлия Бижанова өткен жылдың 4-7 желтоқсаны аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында kick-off meeting-ке қатысқан еді.

Қазір Erasmus+ "Accelerating ICT students' startup development competence via interdisciplinary modular courses in the HEI curricula" жобасын іске қосуды бастау үшін дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Университет ұжымын беделді халықаралық жобаға қатысуымен құттықтаймыз және барлық белгілеген жоспарларының  жүзеге асуына тілектеспіз!

Бөліс: