Креатив жағынан Алматы әлемде 38-орында…
«Мен қалаға не беремін деп сұрама, қала саған не бере алады, соны сұра... Алматыда 7 шілдеде өткен «Алматы – өмір сүру мен бизнес үшін қолайлы қала» V Инновациялық форумына қатысушыларының пікірі бойынша қазіргі уақыт бұрынғы кезеңдерден едәуір ерекшеленеді, себебі жұмыс күші (әсіресе, оның ең креативті бөлігі) өте ұтқыр болып алды. Егер олар өздерін бір қалада немесе елде көрсете алмаса, басқа жаққа кетуге тырысады. Сондықтан келешектің мегаполистеріне қойылатын талап- «креативті класс».
Фото © Владимир Третьяков
Мұны қалай жасауға болады деген сұраққа «Rixos» қонақ үйінде Алматы қ. әкімдігі «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен және Алматы қаласын дамыту орталығымен бірлесе отырып өткізген Инновациялық форум жауап берді. Іс-шараның қосымша ұйымдастырушылары Almaty Management University және Success стратегиялық коммуникациялар агенттігі болды.
«Алматы – өмір сүру мен бизнес үшін қолайлы қала» V Инновациялық форумы аясында Алматы қ. әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтың, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебековтың, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Жанна Төлегенованың, БҰҰДБ Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) «Алматы қ. тұрақты көлігі» жобасының менеджері Елена Ерзаковичтің және «Gehl Architects» директоры, урбанист Рикардо Маринидің қатысуымен қорытынды баспасөз-конференциясы өткізіледі.
Баспасөз-конференциясында пленарлық сессиялардың қорытындысы, Алматы қ. әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар, «Startup Kazakhstan» халықаралық бағдарламасын іске қосу, «Алматы қ. тұрақты көлігі» БҰҰДМ ЖЭҚ мен ALMATY TECH GARDEN-мен ұйымдастырылатын инновациялық технологиялар байқауының анонсы талқыланатын болады.
Форум Ресей, Израиль, Оңтүстік Корея, АҚШ, Мексика, Германия және т.б. елдердің танымал халықаралық сарапшыларының басын қосты.
Көптеген бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдар, стартаперлер, танымал футурологтер және урбанистер осында кездесті. Форум барысында адам капиталын дамыту мәселелері қарастырылды, оның ішінде: тұрғындардың жасампаз тобын инвестициялау, оларды ұстап қалуға жағдай жасау, жаңа адамдарды жұмыс істеуге тартып, дамытуға жұмыс жасау; қалалық көлік жүйесін дамыту мәселелері: қаладағы көлік тасымалдарын ақпараттандыру мен технологияландыру; қала сәулетін дамыту: қалалық кеңістіктерді жоспарлау, жобалау және талдау жасау; қалалық экожүйені дамыту мәселелері қарастырылды.
Алматы қаласына қатысты айтылған сарапшылардың ұсыныстары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қазақстанның оңтүстік астанасына қалай инноваторларды тартамыз, оларды қалай ұстап қаламыз, осы мәселелер қызу талқыланды.
Атап айтқанда, Виктор Филиппенко , G20 Қоры басқармасының төрағасы былай деді: "Қазір мамандарды мазалайтын сұрақтар осы қала, бұл мемлекет маған не береді, бұл жерде өз армандарымды қалай жүзеге асырамын деген сияқты. Бұл қазіргі кезеңнің бұрынғы кезден басты айырмашылығы, қазір жұмыс күші өте мобильді. Алматы жоғары білікті мамандарға немесе құны өте жоғары өнім шығаратын кәсіпкерлерге, шынынды, не бере алады? Осындай адамдар өте керек, себебі олар өз жұмыстарына жанын салады, сонымен қатар олар қаланың, елдің экожүйесін өзгерте алады. Осындай жүйелердің жаһандық нарықта бәсекеге қабілеттілігі жоғары. Алматы осындай адамдарды тарту үшін не істей алады?»
Фото © Владимир Третьяков
Санжар Кеттебеков "ПИТ" АНҚ бас директоры Алматыға инноваторларды қалай тарту керек деген әңгімені былай өрбітті: "Қазір біздің мақсатымыз – 2020 жылға дейін 500 стартапшыларды тарту керек. "Қазірдің өзінде түрлі қаладан 700 –ге жуық тапсырыс алдық, соның ішінде Минск, Одесса, Киев бар". Қонақтың айтуынша, олардың 40-ы Almaty TechGarden оқудан, дайындықтан өтеді, ең соңында 10 үздігін таңдап алып, ЕЭА ( еркін экономикалық аймақ) базасында жұмыс істейді.
Оңтүстік астананың әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласын кәсіпкерлер қаласы деп атады: «Мұнда Қазақстан инноваторларының 84% шоғырланған, 1/3 жастар, көбі дарынды және табысты адамдар". Әкімнің айтуынша оның себебі Алматы - жаңа идеялардың тууына және инновацияларды ендіруге қолайлы қала. Дегенмен, әрі қарай даму керек, осы форум Б. Байбектің пікірі бойынша , қаланың инновациялық дамуында қарқынды қадам болмақшы. « Мұнда 20 елдің өкілі жиналған, олар табысты мегаполистерді дамыту тәжірибесімен бөліседі, мұнда еліміздің аймақтарынан 4 әкім орынбасары, Қазақстанның барлық облыстарының өкілдері, сарапшылар, стартапшылар және ғалымдар келді", - деп атап кетті әкім.
Фото © Владимир Третьяков
Форум аясында төрт секцияның жүмысы ұйымдастырылды, «АДАМИ КАПИТАЛ: БОЛАШАҚТЫҢ КРЕАТИВТІ ҚАЛАЛАРЫ» атты секцияның модераторы Almaty Management University президенті Асылбек Қожахметов болды. Секция форматының ерекшелігін атап кетуге болады, шығып сөйлейтіндердің уақытын шектеу үшін құм сағаттар қолданылды, басты 4 спикердің әрқайсысына шығып сөйлеуге 9 минут берілді, залдан шығып сөйлегісі келгендерге open seat (жасыл түсті жарығы бар «еркін орындық») ұсынылды. Тілек білдірушілер арнайы түймені басады, «open seat» қызыл түспен жанады. Адам бар ойын ашық айтып болғаннан кейін орындықтан тұрады, орындық қайтадан жасыл түске өзгереді. Төзімді спикерлерге шығып сөйлеуге 4 жарым минут берілді
Секция қонақтарының бірі Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев былай деді: "2015 жылы Алматы әлемдегі креативтілік көрсеткіші бойынша 93 ықтималдан 38 орын алды. Әкім орынбасарының пікірі бойынша, Алматыда креативтіліктің барлық үш "Т" тұжырымдамасы кездеседі, олар- талант, толеренттылық пен технологиялар.
Сондай-ақ, қонақ осы жылы наурыз айында жүргізілген сауалнама мәліметтерін келтірді, жастардың 99% - ына Алматыда өмір сүру ұнайды; 65% жоғарғы оқу орындары мен колледждердегі білім беру сапасы жалпы алғанда жастардың сұранысына және еңбек нарығы талаптарына сәйкес келеді; жауап бергендердің 68% - ы өздерінің білімдерін жоо-дан кейін жалғастырғысы келетінін көрсеткен; 60% бизнестерін Алматыда қалыптастырғысы келеді деп жауап берген.
Израиль стратегиялық саясат шешімдері институтының басшысы Итай Сенед өз ойы мен тәжірибесіне сүйене отырып, басқалардың тәжірибесіне қарап үйренуге болады дегенге сенбейтінін айтты (ел – ред.). «Бірақ, егер сіздер ғылыми-зерттеу жұмыстарына инвестиция жасасаңыздар, онда шағын ғана креативті адамдар тобы бүкіл елді дамыта алады» деген ойын баса айтты. «Университеттер қаладағы стартаптар санына ықпал етеді – бұл сөзсіз. Жастар мен университеттер –бұл қаланы дамытудың қозғаушы күші», - деп, И. Сенед өз сөзін аяқтады.
Capital Bank басқармасының төрағасы Ғани Өзбеков секцияда сөйлеген сөзінде қызықты мәліметтер келтірді. Оның мәліметі бойынша Лондон инновациялық қалалар рейтингісінде 1- орын алады, ал Алматы 445-шіден 424-ші орын ... «Біздің оқушылар әлемді түрлі олимпиадалар мен байқаулардағы зияткерлік деңгейлерімен таңқалдырады. Яғни әлеует бар, бірақ ол қайда кетеді? Неге ол келесі кезеңдерде «жоғалып кетеді» - жоо-да, кәсіпорындарда?», - деген сұрақтарға банкир жауап іздеді. Спикердің пікірі бойынша, Қазақстандағы жастар әлеуетін дамытуға барлық мүмкіншілік жасалуы керек.
Секция жұмысы барысында қызықты диалогтар жүріп, қатысушылар жағынан күлкі мен мақұлдау туғызып отырды. Мәселен, Асылбек Қожахметов, панельдік секцияның модераторы Ғани Өзбековті таныстырып жатып, былай деді: "Біз жуырда Capital Bankте болған едік, банк ішінің креативті көрінісіне назар аудардық. Біз тіпті қазір салып жатқан Атриумның, жаңа оқу корпусымыздың 6 – қабатының дизайнын жасауға сол компанияны таңдадық". Мұны естіген банк басқармасы төрағасы қалжыңдап: "Сіздер бізге төлеулеріңіз керек қой!» -деді. Ал Қожақметов «Оның орнын бітіруші мамандармен толықтырамыз, » - деп уәде берді, залда отырғандар ду қол шапалақпен қолдау көрсетті.
«Сентрас» тобының акционері Эльдар Абдразаков талант деген ұғымды қалай түсінетінімен бөлісті: «Біз үшін талант – бұл білім, жігерлілік, креативтілік, кооперацияға дайын болу. Бірақ, шын мәнінде, бұл ғана емес. Себебі болашақ түлектерін біз индустрияда қолдана алмаймыз. Бизнес үшін білім құнды емес, өйткені тәжірибе жоқ, әрекет ету дағдысы жоқ. Біз осы уақытқа дейін талант дегеннің не екені туралы нақты ойға келген жоқпыз. Көбіне, олар мектепті нашар бітіргендер, қарым-қатынаста қиын, өз «әлемі» бар креативті данышпандар, олармен жұмыс істеуге үйрену керек», -деп ойлайды қонақ.
Киевтен келген қонағымыз Всеволод Зеленин, М.П.Драгаманов атындағы ҰПУ өкілі Виктор Филиппенконың ойын жалғап, былай деді: «Егер біз креативті адамдарға жағдай жасамасақ, олардың бәрі кетеді. Қала емес, әкімшілік емес, тек креативті адамдар маңызды». Талант, оның пікірі бойынша, өзекті мәселелерді ерекше шеше білу қабілеті, ал креативтілікті ол Михай Чиксентмихайидің сөзін келтіре отырып, анықтап берді: "Креативтілік – құдайлардың басты құзіреті". Сондықтан креативті орта өз кеңістігін жасай берсін, оған карт-бланшты беру керек екеніне қонақ сенімді.
Сәулет мектебінің профессоры (Париж қаласы) Хуан Луис Моралес екі қаланы мысалға келтіре отырып, мынандай пікір білдірді: Париж бен Гавань қалалары шығармашылықтан тұрғандықтан адамдардың қиялын дамытып отырады: «Креативтілік қаланың дамуына қажетті ресурс, ол адамдарға ықпал етуі тиіс. Бұл үшін қалалық таланттардың дамуына қажет ынталандыру мен эксперименттік мәдени кеңістікті ұйымдастыру керек. Өнерден пайда шығарыңыздар, ізденіңіздер, батыл болыңыздар!», - деген үндеумен сәулетші өз сөзін тәмамдады.
Секциялар жұмысының соңында қорытынды жасалып, Алматы қаласының алдағы уақытта дамуына ұсыныстар қабылданды. Сонымен қатар форум аясында өткізілген пресс-конференцияда «Startup Kazakhstan» халықаралық бағдарламасын қосу туралы және «Алматы қаласының тұрақты көлігі» атты инновациялық байқаудың құлақтандыруы жасалды.
Конференцияның маңызды қорытындысына Алматы Менеджмент Университеті, Almaty TechGarden және Тель-Авив университеті арасындағы Меморандумға қол қойылу рәсімін жатқызуға болады. Меморандумға қол қоюға Санжар Кеттебеков пен Асылбек Қожахметов қана қатысқан, сонымен қатар Тель-Авив Университеті достары Қауымдастығының вице-президенті Сания Арапова да қатысты. Меморандумға сәйкес Almaty TechGarden және Тель-Авив Университеті AlmaU базасында инновациялық менеджмент идеяларын алға жылжытып, ҚР инновациялық даму бағдарламаларына менеджерлер дайындайды.
Форум аясында «Алматы- келешек қаласы» атты 3D форматында көрме ұйымдастырылды, мұнда мегаполистің келешекте дамуының нұсқалары ұсынылған болатын.