Almaty Management University Жібек жолы университеттерінің альянсына (UАSR) қосылды
Almaty Management University ректоры Гүлнар Күренкеева Сиань қаласында өткен Жібек жолы университеттері альянсының (UASR) жыл сайынғы саммитіне қатысты. Форумда әлемнің әртүрлі елінің сарапшылары мен ғалымдары жаңа технологиялық революция кезеңіндегі жоғары білімнің дамуы мен инновацияларын талқылады.
2015 жылы Сианьдық Цзяотун университеті Жібек жолы университеттерінің Альянсын құруға бастамашы болды. Альянс жоғары білім беру, студенттермен алмасу, олардың білім беру тәжірибесін, мәдениетаралық коммуникациясын жетілдіру, сондай-ақ бірлескен жобалар мен зерттеулерді дамыту, студенттер арасында өзара түсіністік пен достықты нығайту, олардың таланттарын дамыту және Жібек жолының тарихи бағдарында және заманауи Еуразия аймағында орналасқан елдердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Саммитке Қазақстанның жеті университеті қатысты. Форум аясында аталмыш альянсқа 14 жаңа жоғары оқу орны қосылды, оның қатарында Алматы Менеджмент университеті де бар.
Гүлнар Күренкеева «Адамзат үшін ортақ қауымдастыққа жол: «Бір белдеу, бір жол» білім беру ынтымақтастығы» панельдік сессиясында сөз сөйледі:
«Біз Қазақстанда әркез бизнес-білім берудің пионерлері болдық. Бизнесте өз жолын енді бастаған кәсіпкерлерге басқаруды үйреттік. AlmaU –Қазақстандағы алғашқы MBA және DBA бағдарламаларын ұсынған оқу орны. Біз өзіміздің ерекше академиялық құрамымызбен және түлектеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз. Тарихы тереңде жатқан Жібек жолы мен AlmaU арасында тек қана географиялық емес, сонымен қатар символикалық байланыс та бар. Біздің университет Жібек жолы құндылықтарын – бейбітшілік пен достықты, ашықтық пен инклюзивтілікті, өзара оқытуды мен тиімділікті қамтитын дәстүрлер мен инновациялар арасындағы көпір. Біз бәріміз жаңа дәуірге қадам бастық. Мұнда бәсекелестік – серіктес, кедергілер – жаңа мүмкіндіктер, ал Жібек жолы университеттерінің альянсы – ең жақсы тәжірибелер, ақыл-ойлар мен шешімдер арасындағы ынтымақтастық алаңы».
Форум аясында Гонконг Үкіметінің Білім бюросы Орталық Азия университеттерімен арнайы кездесу өткізді. Альянстың келесі президенттігі Гонконг университетінде өтеді. The Hong Kong Polytechnic University (PolyU) – біздің университеттің сенімді серіктесі.