AlmaU-дың Yessenov Foundation-мен әріптестік нәтижелері жайлы
2 тамызда AlmaU-да Yessenov Data Lab жазғы мектебінің 8 апталық жеделдетілген модульдік курстың тыңдаушыларын марапаттау рәсімі өтті. Аталған курсты Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры ұйымдастырды. Бұл жазғы мектеп екінші жыл қатарынан Almaty Management University базасында өтті. Жазғы мектеп бағдарламасы тек код жасау және бағдарлама істеу ғана емес, сонымен қатар SAP, Artificial Intelligence автоматтандырылған жүйелер арқылы бизнестің нақты міндеттерін шешумен айналысатын талдаушы –мамандарға арналды.
Курстың марапаттау рәсімінде Yessenov Foundation жобаларының менеджері Роумиса Башаева сөз сөйлеп, өз пікірін айтты: "біз екінші жыл қатарынан Almaty Management University базасында деректерді талдаумен айналысатын, қызығатын IT- мамандар үшін Жазғы мектеп өткізудеміз. Айта кететін жағдай, биылғы жылы біз тәжірибелік жұмыстарға көбірек көңіл бөлдік. Өткен жылы курсымыз дәрістік форматта болса, биылғы жылы біз Big Data бойынша зертханалық жұмыстарға көп уақыт бөлуге тырыстық. Біз жыл бойы 8 апта көлемінде әр жұма сайын сауалнама жүргіздік. Қатысушылардың пікірі бойынша жазғы мектеп бағдарламасы қолжетімді және практикалық бағытта болғанын айтқан. Өткен жылғы түлектермен байланысып тұрамыз, әрқашан олардың қайда және немен айналысып жүргенінен хабардармыз. Біздің қорымыз жалпы барлық жобалар бойынша жасалған бағдарламаның түлектерімен байланыста болып, қолдау көрсетеді».
Роумиса Башаева біздің университетімізбен бірлесе ұйымдастырған жұмыс жайлы өз ойын айтты:"Almaty Management University басшылығы мен ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Соңғы екі жылда біз Инженерлік менеджмент мектебімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеудеміз, оның ішінде декан Қуаныш Әбішев пен мектеп профессоры Тимур Бакибаевпен бірлесе жобалар жасаудамыз. Олар жазғы мектеп бағдарламасына барлық уақыттары мен күштерін жұмсауда. Біз олардың еңбегін, күш-жігерін бағалаймыз,себебі бұл оңай жұмыс емес. Әрқашан барлық іс дер кезінде жасалды, үнемі байланыста болдық, бір сөзбен айтқанда, іс-шараны ұйымдастыруды және өткізуді жұмыла істеп, бір кісідей атқарып шықтық!
Бакалаврды бітіргеннен кейін жасанды интеллект бағытындағы магистратураға түсуді жоспарлап жүрмін. Одан кейін зерттеу жүргізіп жасанды интеллектіні қаңқаларды протездеуге, сонымен қатар әлеуметтік роботтар жасауға қолданып, зерттеу жұмыстарын дайындайтын боламын. Yessenov data lab жазғы мектебінде оқу арқылы менде жасанды интеллект саласындағы зерттеулермен айналысуға ынта-уәждеме пайда болды".
Сонымен, AlmaU-да Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қорымен әріптестікте бірлесе жасаған тағы бір қажетті де құнды білім беру курсы аяқталды. Жазғы мектеп үлкен мәліметтерді талдаушыларға арналған модульдік курсты аяқтағандығы туралы 20-дан астам тыңдаушыларға сертификаттар тапсырды. Осылайша курс өз мақсатына жетті деген ойдамыз.
Алда жаңа оқу жылы басталады, осыған байланысты біздің университеттің де, серіктестердің де ынтымақтастық бойынша көптеген жоспарлары бар.