AlmaU-да көктемгі мектеп өтті!
1-5 сәуір аралығында AlmaU-дың бастамасымен 2009 жылы ұйымдастырылған "Қазақстан жоғары оқу орындарының мектептерді қолдауы" атты әлеуметтік жобасының XXI кезеңі шеңберінде жоғары оқу орындарының, орта жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің басқарушылары мен оқытушылары үшін Көктемгі мектеп өтті.
[gallery_id:824]
Биылғы жылғы көктемгі мектептің тақырыбы: "Мектеп, колледж, университеттің заманауи міндеттерін операциялық, стратегиялық, білім беру, тұлғалық деңгейде шешу". Жобаның басты мақсаты инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуде басшылар мен педагогтарға көмек көрсету және AlmaU зияткерлік ортасындағы әртүрлі тәжірибеге бай басқарушылық құзыреттіліктерін жетілдіру болып табылады.
Жобаға Нұр-Сұлтан, Қостанай, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе қалаларынан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы мен Алматы облысының Жамбыл ауданынан 105 қатысушы жиналды. Дәстүрлі түрдегі курсқа жалпы орта білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің әкімшілігі мен педагогикалық құрамының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, AlmaU философиясына мектеп және жоғары білімнің сабақтастығы туралы қолдау көрсете отырып, бұл жолы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының әкімшілік өкілдері мен оқытушылары шақырылды.
Апталық оқу барысында жеделдетілген шебер-сабақтар мен воркшоптар, тренингтер мен дискуссиялық алаңдар (кейстер коллекциясымен жұмыс) кірді. Нәтижесінде қорытынды жұмыс ретінде әрбір қатысушы таңдаған бағыты бойынша өз кейсін әзірлей алды.
Анықтама: "Еліміздің жоғары оқу орындарының ауыл мектептерін қолдау" бағдарламасын AlmaU 2009 жылдың ақпан айында бастады. Жобаға сәйкес, қазақстандық ЖОО – ның әрқайсысына (Қазақстанда олардың бүгінгі күні-136) елдің ауылдық аудандарының біріне қамқорлық жасау ұсынылды (200-ге жуық). AlmaU Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мектептерін қолдауға ие болды, Алматыда Күзгі және көктемгі мектеп демалысы кезінде біліктілікті арттыру үшін 15 ауылдық мұғалім тегін түрде оқуға шақырылады.
Жобаның ашылуы
Бағдарламаны бірінші проректор, AlmaU білім беруді дамыту институтының директоры Алмагүл Қанағатова ашты. Өз сөзінде ол бағдарламаның мақсатымен таныстырып, тыңдаушылар 5 күн ішінде не істейтіндіктерін, сарапшылар мен спикерлер қандай дәрістер оқитындығын және басқа да жоспар туралы айтып өтті.
Бірінші шебер -сабақты AlmaU Президенті, іскери әкімшілдік докторы, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті докторы, Орталық Азия бойынша CEEMAN Вице-президенті, "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов өткізді. Келесі спикер ретінде стратегиялық коммуникация, персоналды басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы сарапшы Ербол Исмаилов сөз сөйледі. Оның басты міндеті тыңдаушыларды бес күндік қарқынды жұмысқа бейімдеу және оларды бір үлкен командаға біріктіру болды. Бірінші күні қорытынды спикер – ән айту және көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін дауысты жаттықтыру және 3 қадамды инновациялық тиімді жұмыс істейтін технологияның авторы, "Өнер" пәнін тереңдетіп оқытатын мектептің негізін қалаушы, онда 140-тан астам вокал педагогтарын өз технологиясының элементтеріне үйреткен, халықаралық тіркеуден өткен және өзінің авторлық дауыс жаттықтыру технологиясына зияткерлік меншік құқығы туралы халықаралық сертификаты бар Мария Струве болды.
Таңертеңгілік сессия кезінде тәжірибелі сарапшылар өз тақырыптарының теориялық және практикалық қырлары жайлы айтып түсіндірді.
Сонымен қатар, бағдарлама барысында тәжірибелі мамандардың көптеген сараптамалық дәрістері өткізілді. "Білім беру ұйымдарындағы инновациялық үдерістерді басқару", "Педагогтың, білім берудегі басқарушылардың жеке капиталы", "Білім беру бағдарламаларына инклюзия қағидаттарын енгізу бойынша жол картасы", "Білім беру саласындағы Фандрайзинг", "Инновациялық электрондық оқыту ресурстарын пайдалану теориясы мен практикасы", "Білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде нені ескермейміз"? атты тақырыптар талқыланды.
Келесі екі күн ішінде қатысушылар төрт тректен тұратын тренингтерге қатысты: "Білім беру бағдарламаларының педагогикалық дизайнын қайта жүктеу. Білім берудегі инновациялық технологиялар мен әдістемелер", "Тиімді мектеп бағдарламасы және күн силлабусы: концепт, жаңа мазмұн", "Жетекшінің эмоциялық интеллектісі", "Оқытушылардың ойлау дизайны". Төртінші күні әр тректі таңдаған топтардың жұмыс нәтижелері бойынша жобалардың тұсаукесері өтті.
5 күндік оқыту тренингінің соңындағы жабылу салтанаты кезінде Алмагүл Қанағатова және "WikiBilim" қоғамдық қорының және "Bilim Foundation" қорының негізін қалаушысы және жетекшісі Рауан Кенжеханұлы шақырылған қонақтарға, әр қатысушыға бағдарламаны өткені туралы сертификат табыс етті.
[gallery_id:828|thumbs]