Желтоқсан 29 , 2015
2015 жылдың қарашасында Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) бітіруші студенттері Оқу жетістіктерін сыртқы бағалаудан өтті. AlmaU ОЖСБ рейтинг шәкілі («Әлеуметтік ғылым және бизнес») бойынша ҚР гуманитарлық-экономикалық жоо-лары ішінде 3 орынға ие болды әрі жекеменшік жоғары оқу орындары арасында үздік деп танылды!
Желтоқсан 28 , 2015
Балалар үшін Жаңа жыл - қуаныш пен ертегі сыйлайтын мереке. Жаңа жыл мерекесі сағына күткен балаларға Аяз Атамен, Ақшақармен қауышу, әдемі, қызықты кеш, безендірілген шырша, әрине, сыйлықтар!
Желтоқсан 25 , 2015
Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) «Логистика» мамандығының 3 курс студенттері Илинур Яхьярова және Ерлан Нұртаев «Almaty Tech Garden-нің» тез жетілу бағдарламасына қатысқан болатын. Postero Green бірегей жобасының сәтті презентациясынан кейін жас стартаптықтарда мол мүмкіндіктер пайда болды.
Желтоқсан 24 , 2015
2015 жылдың 22 желтоқсанында Алматы Менеджмент Университетінің Іскери қазақ тілі Орталығының ұйымдастыруымен «Банк жүйесіндегі қазақ тілінің қолданылуы» деген тақырыпта Дөңгелек үстел өтті.
Желтоқсан 23 , 2015
Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) іскери қазақ тілін дамыту Орталығында «Тілдесім» атты клуб ашылды.
Желтоқсан 22 , 2015
Жақын арада Токиодан (Жапония) Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) Спорт клубының басшысы Бауыржан Тілеубаевқа Киокушинкай каратэсі бойынша 4-дан дәрежесі берілгені туралы ресми хабарлама келді.
Желтоқсан 18 , 2015
2015 жылдың 15 желтоқсанында Kinoplexx Sary Arka орталығында Алматы Менеджмент Университетінде осы жылдың қыркүйегінде қолға алынған Service Learning* жобасының қорытындысы бойынша «Charity Awards» атты студенттік қайырымдылық сыйлығын тапсыру салтанаты өтті!
Желтоқсан 18 , 2015
Уникальный проект Almaty Management University (ранее МАБ), направленный на популяризацию культуры, истории, традиций и обычаев казахского народа, получил благодарственное письмо от Ассамблеи народа Казахстана за весомый вклад в развитие государственного языка и активное участие в республиканском культурно-просветительском проекте АНК «Мың бала».
Желтоқсан 18 , 2015
8 желтоқсанда Алматы Менеджмент Университетінде ( бұрынғы ХБА) Алматы қаласы колледждерінде білім алып жатқан студенттер арасындағы жылсайынғы «Мен - кәсіпкермін» атты 5-ші іскери экономикалық ойын басталды. Көптеген студенттер әлеуметтік кәсіпкерлікке бағытталған өз жобаларының тұсаукесерлерін көрсетті. Анығы сол, бүгінгі жастарды қаржы табу ғана қызықтырмайды, сонымен қатар қоғамға қызмет ету де қызықтыратынын байқадық.
Желтоқсан 15 , 2015
Отызға жуық Алматы Менеджмент Университеті (ХБА) Қазақстанның жетекші бизнес - жоғары оқу орны ретінде танылып, студенттерге ең сапалы және озық білім беріп келеді. Жылда 12 желтоқсанда Университет өз қызметіне қорытынды жасап, үздік қызметкерлерін мадақтайды. Биыл да сол дәстүр жалғасты!
Желтоқсан 14 , 2015
«Лаңкестікпен күрес жағдайында адам құқығын қорғау» атты Халықаралық жастардың заң форумында құқық Мектебінің 4 курс студенті Виктор Еремчук эссе жазу сайысында 3-орын алды. Жеңімпаз дипломмен марапатталып, 50000 теңге сыйақы алды.
Желтоқсан 11 , 2015
Алматы Менеджмент Университетінің (бұрынғы ХБА) «Капитал» КВН командасы Аймақтық Әзірбайжан лигасы ойындарының екінші маусым финалына қатысты. Әзірбайжанның, Қазақстан мен Ресейдің 10 командасы арасындағы сайыста табан тірескен күресте біздің жігіттер 1-орын алып, «Үлкен кубокқа» қол жеткізді!
Желтоқсан 10 , 2015
Жақында Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) Халықаралық Адам құқықтары күні құрметіне дөңгелек үстел өтті. Кездесуге келушілердің ішінде халықаралық ұйымдардың және ҮЕҰ өкілдері боkды, заң және ғылыми қауымдастықтар, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар ҚР Ресей Федерациясы Бас консулдығы Консулы Ирина Переверзева қатысты.
Желтоқсан 10 , 2015
AlmaU Қаржы және Менеджмент Жоғары Мектебі Қазақстанда алғашқы рет тәжірибе жүзінде инновациялық білім беру технологиясы «Market place» ынталандырушы тренажер ойынын өз студенттері үшін қолданып көрді. Бұл жоба тренер-кеңесші Үркен Қарақұловтың көмегімен «Business Link» компаниясымен бірлесе отырып, жүзеге асырылды.
Желтоқсан 09 , 2015
AlmaU мансапты жоспарлау және түлектермен жұмыс Орталығының студенттерге Қазақстанның ірі компанияларында кәсіби тестілеуден өтуге мүмкіндік беретін жаңа жобасы аяқталды.