«Алматы марафоны» - AlmaU-дың сәуір айында қатысатын дәстүрлі іс-шарасы
Алматы Менеджмент Университеті жыл сайын Алматы Марафонына қатысады!
AlmaU командасының құрамына Университеттің оқытушылары, қызметкерлері, студенттері кірді және топты оқу орнының президенті және негізін қалаушы Асылбек Қожахметов басқарды.
AlmaU студенттері мен ұжымы үшін "Салауатты өмір салты" деген сөз жай ұран ғана емес. Мұнда үнемі спорттық іс-шаралар: конкурстар, эстафеталар, апталықтар өткізіліп тұрады. Атап айтқанда – спорттық сайыстардағы жеңістерге жету және студенттердің мұз айдынында өнер көрсетуі, AlmaU mountain club-пен бірге тауға шығу және жыл сайынғы веложарыстарға, республикалық және халықаралық турнирлер мен біріншіліктерге қатысу ұйымдастырылады.
"Бірінші болу- батылдық" атты марафонның мақсаты AlmaU –дың "Салауатты өмір салтын қалыптастыру" бағдарламасына сәйкес келеді. Аталған іс-шара аясында оқу орнының спорт үйірмелерінде альпинистік клуб, жаттығу залы, футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, каратэ, би және басқа да спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істейді.
Сонымен қатар "Алматы марафонының" ұйымдастырушысы және жетекшісі-AlmaU Бизнес жоғары мектебінің Executive MBA және Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен бірлескен бағдарламасының тыңдаушысы, World Class Almaty Бас директоры – Валихан Тен қатысты. Ол университетте салауатты өмір салтын насихаттаушылардың бірі.
Биылғы жылы "Алматы марафоны" Орталық Азиядағы ең көп адам қатысқан жарыс болып танылды. Оған әлемнің 53 елінен 17 мың спортшы қатысты.
Сондай-ақ, марафон Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Канада, Швеция, Австралия, Кения елдерінен Оңтүстік астанаға келген қатысушылар саны бойынша өз рекордын жаңартты.
"Алматы марафоны" қайырымдылық мақсатын жоспарлаған іс-шара, мұнда әр компанияға және марафонның әр қатысушысына үлкен игі және қажетті істердің бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.
Міндетті түрде жаттығыңыздар!
2020 марафонында кездескенше сау болыңыздар!